Прокуратура жалақысының төленуін қамтамасыз етті
ШҚО-да Самар ауданында еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында «Самар» кәсіпорнының қызметінде азаматтардың еңбек құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның 53 қызметкері биыл екі ай бойы тиісті еңбекақыларын алмағаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жұмысшыларының заңды құқықтары қалпына келтірілді. Жалақы бойынша 14 млн теңгеден астам берешек толықтай өтелді.
«Кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы 1-бөлігі бойынша (Еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу) жауаптылыққа тартылып, оған 129 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүддесін қорғау прокуратура органдары жұмысының басым бағыты болып қала береді», – делінген прокуратура хабарламасында.