Қазақ видеографы Дастан Мухамедрахим Threads форумында әлемдік жұлдыздармен тең қонақ болды

Қазақстан табиғатын әлемге танытып жүрген автор халықаралық деңгейдегі алаңда арнайы қонақ болып, жаңалық болатынын хабарлады.

Қазақ видеографы Дастан Мухамедрахим Threads форумында әлемдік жұлдыздармен тең қонақ болды
Фото: threads.com/bydastann

Қазақстанның көрікті жерлерін әлемге танытып жүрген видеограф Дастан Мухамедрахим халықаралық алаңда танылып, Threads форумына арнайы қонақ ретінде қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, әлемдік деңгейдегі шараға қатысу өзі үшін маңызды белес екенін жеткізген. Видеографтың мәліметінше, форум аясында Threads платформасының басшылығымен кездесіп, бірқатар танымал тұлғалармен бірге болған.

Атап айтқанда, ол Zendaya, Adam Waheed және Joshua Platilero секілді жұлдыздармен бір деңгейде қонақ ретінде шақырылғанын атап өтті.

«Аллаға шүкір! Әлемдік жұлдыздар жиналатын Тредстің форумында арнайы қонақ болу мүмкіндігі бұйырды! Тредстің бастығымен кездестік. Zendaya  @adamw, @megaamerican сияқты жұлдыздармен бір дәрежеде қонақ болғаныма қуаныштымын», - деп жазды. 

онымен қатар, ол алдағы уақытта халықаралық деңгейдегі ұсыныстар түсіп жатқанын және жақын арада тың жаңалықтар болатынын мәлімдеді.

Еске салсақ, Instagram бүкіл әлемге Қазақстанның көркем табиғатын паш етті. Қазақстандық видеограф Дастан Мухамедрахим түсірген бейнеролик платформаның ресми парақшасында жарияланған болатын. Ролик 2025 жылғы 4 қарашаға қараған түні шыққан. Қысқа уақыт ішінде ол 676 мыңнан астам лайк жинап, 39,3 млн қаралымға жетіп, 53 мыңнан аса пікір алған. Instagram парақшасына 696 млн-нан астам қолданушы тіркелген.