Қазақстанда доллар бағамы арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 474,08 теңгені құрап, 2,63 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 15 сәуірге белгіленген ресми бағамы – 476,97 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 473,42 теңге, сату – 475,65 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 469,03 теңгеден сатып алып, 476,03 теңгеден сатып жатыр.
Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 473,78 теңге болса, сату бағамы 475,78 теңгені құрайды.