«Air Astana» мен «FlyArystan» шенеуніктерге бұрмаланған мәлімет ұсынғаны үшін жазаланды

Автор: Асыл Арман

Авиакомпаниялар әкімшілік жауапқа тартылды

Фото: Air Astana баспасөз қызметі

«Air Astana» мен «FlyArystan» әуе компаниялары бұрмаланған мәліметтер ұсынғанына байланысты айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген жұмыс аясында «Air Astana» мен «FlyArystan» авиаотын көлемі бойынша бұрмаланған мәліметтер ұсынған.

«Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған авиакомпанияларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылып, олардың әрқайсысына 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарламасында.