Бірінші тоқсандағы мұнайдың орташа бағасы барреліне 80,6 доллар болған
Қаржы министрі Мәди Тәкиев үкімет отырысында есепті кезеңде бюджеттің кіріс бөлігіне сыртқы макроэкономикалық факторлар айтарлықтай әсер етті, оның ішінде әлемдік мұнай нарығы құбылмалы болып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр атағандай, бірінші тоқсандағы мұнайдың орташа бағасы барреліне 80,6 доллар деңгейінде қалыптасты.
«Бұл ретте, қолданыстағы бюджет архитектурасында, мұнай бағамының өсімі, тікелей Ұлттық қордың түсіміне әсер ететінін атап өту керек, себебі заңнамаға сәйкес, мұнай түсімдерінің негізгі бөлігі Ұлттық қорға жіберіледі. Ал республикалық бюджет үшін оң әсерін тигізген, бұл мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы салығы, ол қосымша 40,5 млрд. теңгені қамтамасыз етті.Сонымен қатар, теңге бағамының орнықтылығы, республикалық бюджет кірістеріне, тежеуші фактор ретінде әсер етті», - деді ол.
Министр атағандай, есепті тоқсандағы бір доллардың орташа бағамы, болжамды 540 теңгеден 497,7 теңге деңгейінде орын алуы, түсімдердің шамамен 146 млрд. теңгеге дейін азаюына алып келді.
«Осылайша, сыртқы баға конъюктурасы, оның ішінде валюта бағамының айырмашылығы, республикалық бюджет үшін теріс әсер етті.Бұған қарамастан, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру есебінен, 137,6 млрд теңгеге қосымша түсім қамтамасыз етілді.
Министрлік бизнесті қолдаудың басым бақылау моделінен, сервистік моделіне көшуді жалғастырып отыр»,- деді ол.