Продюсер бұл сәттің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады
Қазақстандық белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен оның жұбайы продюсер Баян Мақсатқызы америкалық танымал тревел-блогер Коннор Кампергини мен оның жұбайын өз үйінде қонақ етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіге жүктелген бейнежазбадан шетелдік мейманға ұлттық тағам ұсынылып, қазақ мәдениеті таныстырылғанын көруге болады.
«Бүгін танымал тревел-блогерді күтіп алдық. Оған бәрі ұнады деп үміттенемін. Ол бізге қонаққа келуге өзі ниет білдірді. Біздің үй қаланың көрікті орындарының біріне айналған секілді. Енді оның бұл туралы қандай пікір айтатынын білгіміз келеді», – деді Баян Мақсатқызы.
Еске салайық, бұған дейін Баян Алагөзова күйеуінің «миллиардер биін» қайталаған адамға жарты миллион беретінін айтқан болатын.