Доллардың ресми бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 474,9 теңгені құрап, 1,71 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 13 сәуірге белгіленген ресми доллар бағамы – 473,13 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орта есеппен 473,27 теңге, сату – 475,56 теңге.
Астана қаласында долларды орта есеппен 470,01 теңгеден сатып алып, 477,01 теңгеден сатып жатыр.
Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 474,57 теңгені, ал сату бағамы 476,59 теңгені құрайды.