Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекетке Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Әсет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.