Ол ТЖМ-ның техникаларын аралап шықты
Қазақстанға танымал америкалық тревел-блогер Коннор келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сапар аясында ол Қазақстанның ТЖМ бөлімшесіне барып, ведомствоның жұмысына ерекше қызығушылық танытты және 23 әмбебап құтқару бөлімі бөлімшесінің қызметімен танысты.
Блогерге іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу кезінде қолданылатын заманауи техника мен жабдықтар таныстырылды. Инновациялық үлгілер, соның ішінде Tesla Cybertruck және арнайы реанимобиль ерекше қызығушылық тудырды.
Айта кетейік, осыған дейін Туризм министрлігі Америкадан келген блогердің «ренішіне» қатысты жауап берген.