13.04.2026, 11:53
Жаңалықтар
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы -8 градусқа дейін суытып, қар жауады
Синоптиктердің болжамы белгілі болды
Фото: istockphoto.com
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмендеп, жаңбыр қарға ауысуы, көктайғақ болуы мүмкін.
Күшті жаңбыр, бұршақ және екпінді жел батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 16 сәуірде оңтүстікте, 15-16 сәуірде солтүстікте және орталықта күтіледі. 14 сәуірге қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.
Ауа температурасы төмендейді:
- батыста түнде +2…+10°С, күндіз +10…+15°С;
- солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0…+7°С;
- оңтүстікте түнде +3…+13°С, күндіз +8…+18°С.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады