Үш ай ішінде елімізде 34 жасырын зертхана жойылды
Жыл басынан бері Қазақстанның құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 3 тоннаға жуық есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың айтуынша, үш ай ішінде елімізде 34 жасырын зертхана жойылды. 10 зертхана синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан. Ал 24 зертхана фитоесірткі дайындауға арналған болып шықты.
Қылмыстық істердің бірі Талдықорған қаласында тіркелді. Онда көршілес елдің азаматтары бірден екі ірі есірткі зертханасын ашқан. Қылмыстық іс-әрекеттер DarkNet желісі арқылы үйлестіріліп отырған. Тінту кезінде дайын өнімдер, құрал-жабдықтар мен реагенттер тәркіленді.
Полицияның жедел жұмысының арқасында 3 миллионнан астам есірткі айналымға шықпай қалды.
ІІМ есептеуінше: