Олар жалпы есепте 51,25 балл жинады
Ташкент төрінде көркем гимнастикадан өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңінде Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Топтық жаттығуларда бақ сынаған отандастарымыз күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық гимнасшылар көпсайыс бағдарламасында жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, жалпы есепте 51,25 балл жинады.
Ел намысын абыроймен қорғаған құрамда алты спортшы өнер көрсетті. Олар: Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мәдина Мырзабай. Спортшыларымыздың үйлесімді қимылдары мен жаттығу күрделілігі төрешілер тарапынан жоғары бағаланды.
Бүгін, 12 сәуірде, жарыс жолы жалғасады. Спортшылар жекелеген жаттығу түрлері бойынша финалда бақ сынайды.