Жаңа саябақтың сызбасы дайын
Қостанай облысында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заманауи демалыс аймағы мен көпфункционалды стадион бой көтереді. Жаңа эко саябақтың аумағы 43,8 гектар болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа саябақтың сызбасы дайын. Онда тұрғындардың сапалы демалуы үшін барлық жағдай жасалмақ.
Инфраструктураның негізгі нысандары:
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен жаңа стадионның алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті. Бұл нысан триатлон-паркпен бірлесе отырып, қаланың ең ірі демалыс орны болады. Стадионда бес жүгіру жолы, жеңіл атлетика және секіру секторы болады.
«Тұрғындар үшін демалыс орындары көп болуы тиіс. Биыл өңірде 77 мыңнан астам көшет егіледі, ал мамыр айында жұмыс қыза түседі. Сонымен қатар 37 үйдің қасбеті жөнделіп, 31 балалар алаңы орнатылады», — деді өңір басшысы.
Республикалық экологиялық акция аясында Қостанай облысында ауқымды жұмыс атқарылды.
Соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштер:
1. 2025 жылы жоспарланған 105 мың көшеттің орнына 143,9 мың түп ағаш егілді (жоспар 136,5% орындалды).
2. 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 600 заңсыз қоқыс полигоны жойылды.
3. Көшелерді жарықтандыру деңгейі 82%-дан 94% дейін өсті.