Құқық қорғау органдары академиясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Автор: Дәулет Ботагөз

Негізгі тақырып – заң ғылымының трансформациясы

Фото: Бас прокуратура

2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Ғылым күніне орайластырылған және Ведомстволық білім беруді жетілдіру жылы аясында өтіп жатқан «Заң ғылымының трансформациясы: жас ғалымдардың көзқарасы» атты IX халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шарада Қазақстан мен шет елдердің мемлекеттік органдарының, ғылыми қоғамдастығы мен білім беру ұйымдарының өкілдері бірікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пленарлық және панельдік отырыстар заң ғылымын цифрландыру, жасанды интеллект енгізу, прокуратура қызметін жаңғырту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды. Құқық қолдану практикасының өзекті бағыттары бойынша зерттеулер ұсынылды.

Жұмыс секциялық отырыстарда жалғасып, үздік қатысушыларды марапаттаумен ғылыми баяндамалар байқауы өтті.

Конференция қорытындысы ғылыми диалог пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ Академияның жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі мәртебесін растады.