Еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Автор: Дәулет Ботагөз

Онда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі

Фото: © freepik.com

2026 жылғы 11 сәуірде Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар келесі қалаларда күтіледі:

  • Астана
  • Алматы
  • Қарағанды
  • Теміртау
  • Жезқазған
  • Балқаш

Қолайсыз метеорологиялық жағдай деген не?

Бұл – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлар жиынтығы. Мамандардың айтуынша, баяу жел, тұман және инверсия салдарынан қала үстіндегі түтін мен улы газдар таралмай, бір жерде шоғырланып қалады.

Ауа сапасының нашарлауына байланысты мамандар тұрғындарға келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

1. Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын маңда ұзақ жүрмеу керек.

2. Тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары аурулары бар немесе аллергиясы бар жандарға өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүргені дұрыс.

3. Физикалық жаттығуларды спорт кешенінің ішінде жасаған абзал.