Синоптиктердің болжамы жарияланды
«Қазгидромет» алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Елдің батысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болжанады.
11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауады. 11 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Қазақстан бойынша тұман болжанады.