Доллар қайта қымбаттай бастады: 9 сәуірге арналған ресми бағамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Ұлттық банктің 9 сәуірге арналған ресми бағамы белгілі болды

Фото: pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 479,82 теңгені құрап, 4,19 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 9 сәуірге арналған ресми бағамы – 475,31 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 476,98 теңге, сату бағамы – 479,68 теңге.

Астанада долларды орта есеппен 476,01 теңгеден сатып алып, 483,01 теңгеден сатуда.

Шымкентте долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 478,43 теңге болса, сату бағамы 480,67 теңгені құрайды.