Бір гектар жерде қамыс өртеніп жатыр
Қонаев қаласындағы 5-шағын ауданының маңында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел жетті. Барлау барысында шамамен 1 гектар аумақта қамыс өртеніп жатқаны анықталды.
«Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Халық пен инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ. Жағдай бақылауда», – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.