09.04.2026, 10:26
Жаңалықтар
Наурыз айындағы ҰБТ: жүздеген адамның тест нәтижесі жойылды
130 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айындағы ҰБТ-ның нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Орталық мәліметінше, наурыз айында ҰБТ-ны 179 мың адам тапсырған. Оның ішінде талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады; орташа балл – 66 балл (бес пән бойынша); ең жоғары балл – 140 балл. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 408 талапкер қатысты.
Ереже бұзғаны үшін 264 адамның нәтижесі жойылды. Белгілі болғандай, тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 130 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды; тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 134 адам шығарылды; бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды