Өрт сөндірушілер төрт баланы автосатымен құтқарды
Сәтбаев қаласының Ерденов көшесінде орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шығып, үй иесі уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел келіп жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде пәтерде өрт байқалған. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, барлау жүргізіліп, өртті сөндіру жұмыстары басталды.
«Құтқару жұмысы барысында жанып жатқан пәтерден үй иесі құтқарылып, түтіннен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Көрші пәтерден автосатының көмегімен 4 бала құтқарылды», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.