Биыл Қазақстанда әскери парад өтпейді - ресми ақпарат

Дәстүрлі парадтың орнына ел бойынша әскери-патриоттық және еске алу шаралары ұйымдастырылады

Биыл Қазақстанда әскери парад өтпейді - ресми ақпарат
Фото: Ақорда

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өткізу жоспарланбаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, дәстүрлі парадтың орнына ел көлемінде әскери-патриоттық және еске алу бағытындағы іс-шаралар өтеді.

«Әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланып отыр: ерлік сабақтары, үздік әскери қызметшілерді марапаттау, ардагерлерге құрмет көрсету, экологиялық акциялар, әскери оркестрлер шеруі, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі, техника мен қару-жарақ көрмесі, “сарбаз ботқасы” акциясы, ашық есік күндері», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік бұл формат азаматтарды кеңінен тартуға және патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталғанын атап өтті.