08.04.2026, 16:38
Жаңалықтар
Есіл өзенінде қатты ағыс жеңіл көлікті жүргізушісімен бірге алып кетті (ВИДЕО)
Жүргізуші көліктің салонынан шығып үлгерген
Фото: Видеодан скрин
Ақмола облысының Аршалы ауданында қауіпті оқиға болды. Жеңіл автокөлік Есіл өзеніне түсіп кетіп, оны ағыс шамамен 500 метрге дейін алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүргізуші көліктің салонынан шығып үлгеріп, көліктің үстіне шығып, көмек күтті.
Оқиға орнына Аршалы ауданының әмбебап бөлімшесінің құтқарушылары жедел жетті. Қайықтың көмегімен олар ер адамға жетіп, оны жағаға шығарды. Медициналық көмек оған қажет болған жоқ.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді