Қазақстанда доллар құны бірден 15 теңгеге қымбаттады

Автор: Асыл Арман

KASE-де доллар бағамы күрт өсті

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 475,31 теңгені құрап, 12,32 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ұлттық банкінің 8 сәуірге белгілеген ресми доллар бағамы – 460,37 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 476,62 теңге болса, сату бағамы – 479,49 теңге.

Астанада долларды орта есеппен 472,96 теңгеден сатып алып, 480 теңгеден сатып жатыр.

Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 476,64 теңгені құраса, сату бағамы – 479,27 теңге.