Синоптиктердің болжамы жарияланды
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» болжамынша, 9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр күтіледі.
Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр, түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады.
«Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 0-8 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін, күндіз 10-23 градустан 7-15 градусқа дейін.
Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы көктемге тән жайлы деңгейде сақталады», – делінген синоптиктер болжамында.