«Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамасымен әзірленген. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов заң аясында психологтарға нақты қандай талаптар қойылатынын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заң жобасында:
- психологиялық қызмет саласын кешенді құқықтық реттеуді қалыптастыру, соның ішінде осы саладағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары, принциптері мен міндеттерін белгілеу;
- психологтар мен психологиялық көмек алушылардың құқықтары мен міндеттерін бекіту, оның ішінде құпиялылықты қамтамасыз ету, ақпаратты хабардар түрде келісім алу, кәсіби және этикалық стандарттарды сақтау;
- барлық психологтарды міндетті түрде тіркеуді көздейтін бірыңғай мемлекеттік психологиялық қызметкерлер реестрін енгізу;
- психологиялық көмек пен медициналық қызметті айқын бөлуді қамтамасыз ету, соның ішінде психологтар тарапынан дәрілік емдеуге жол бермеу, бұл халықаралық тәжірибеге сай болып, азаматтарға көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігін арттырады;
- психологтың қызметіне қойылатын құзыреттер, біліктілік және кәсіби қызмет мазмұнын анықтайтын кәсіби стандартты енгізу, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді;
- психологиялық көмектің көрсетілу формаларын (кездесу, қашықтықтан, аралас) және оны көрсету шарттарын бекіту, оның ішінде еріктілік, ақпаратты хабардар түрде келісу және алушыға ақпаратқа қолжетімділік көзделген.
«Заң жобасы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін нормалар қамтылмайды. Парламент Мәжілісінің барлық комитеті заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді. Жұмыс тобының 4 отырысы және Комитеттің кеңейтілген отырысын өтті», - деді Аймағамбетов.
Депутат әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, Мәжілістің жалпы отырысының қарауына енгізуді ұсынды.