Жердің құны 17 млрд теңгеден асады
Алматы прокуратурасы «Медеу» өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қадағалау қызметі аясында жалпы ауданы 288 га болатын 2 жер телімі жекеменшікке заңсыз берілгендігі анықталды.
Даулы жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлерге жатады және сатып алуға жатпайды.
Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.
«Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 17 млрд теңгеден астам даулы жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды», – делінген прокуратура хабарламасында.