Дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс тіркелді
Елімізде 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында елімізде «Дәрмек» іс-шарасы өтті. Оның мақсаты – есірткі және психотроптық дәрілердің заңды айналымын бақылау. Оның аясында әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, «Дәрмек» іс-шарасының нәтижесі төмендегідей:
Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевтеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды.
Ақтөбеде ірі фармацевтикалық мекемеге қатысты іс қозғалып, 400 мың дәрі тәркіленді.
Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы арнайы күзетсіз тасымалданған. Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау ережесі бұзылған.
«Ішкі істер министрлігі ескертеді: мұндай заң бұзушылықтар қоғам үшін қауіпті. Оған заң бойынша жауапкершілік қарастырылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.