Зардап шеккендер жоқ
5 сәуір күні таңғы уақытта Ақтау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, ақпарат кезекші бөлімге сағат 04:35-те түскен. Өрт 5-шағынауданда орналасқан көпқабатты үйдің жоғарғы қабатында тұтанған.
«Тоғызыншы қабаттағы кіреберісте жиналып қалған ағаш қалдықтары жанған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау сағат 04:49-да толықтай ауыздықталды», - деп хабарлады мекеме өкілдері.
Мамандардың айтуынша, жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің көлемі мен қауіптілік деңгейі төмен болғандықтан, тұрғындарды эвакуациялаудың қажеттілігі болмаған.
Айта кетейік, бұл өңірдегі соңғы тәуліктердегі жалғыз оқиға емес. Бұған дейін 27-шағынаудандағы үйдің тоғызыншы қабатында да өрт тіркелген болатын.
Екі жағдайда да адам шығыны жоқ.
Қазіргі таңда мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.