Оның ішінде 9 мектеп пайдалануға берілді
Атырау облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында 55 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірде ең көп жоба білім саласында іске асырылды. Бір жыл ішінде Атырау қаласы мен аудандарда жалпы сыйымдылығы 8 600 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді. Бұл қолданыстағы оқу орындарына түсетін жүктемені айтарлықтай азайтты.
Сонымен қатар, келесі нысандар ашылды:
Денсаулық сақтау саласында 2025 жылы 8 нысан бой көтерді. Басты назар ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмектің қолжетімді болуына аударылды.
Ауылдық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынды. Сондай-ақ, әрқайсысы күніне 25 адамды қабылдай алатын екі дәрігерлік амбулатория ашылды.
Өңірде спорттық инфрақұрылымды дамыту басым бағыттардың біріне айналды. Бір жылда 23 спорт нысаны, заманауи кешендер мен алаңдар салынды. Бұл нысандар балалар мен ересектердің бұқаралық спортпен айналысуына мүмкіндік беріп отыр.
Мәдениет саласында 10 жаңа нысан, соның ішінде ауылдық жерлерде жаңа мәдениет үйлері пайдалануға берілді.
2026 жылы өңірде тағы 57 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.