Тағы бір өңірде 7 адам қаза болды
Пәкістанның Белуджистан провинциясында және оңтүстіктегі Карачи портты қаласында нөсер жаңбыр, қатты жел мен найзағай салдарынан соңғы 24 сағатта 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі провинциялық басқарма мәліметінше, Белуджистанда оннан астам ауданға жауған жауын салдарынан кемінде 8 адам көз жұмып, бірнеше адам жарақат алған.
Ал Карачи қаласында қатты нөсер кезінде электр тогының соғуы мен қабырғалардың құлауы салдарынан тағы 7 адам қаза болған. Қазір билік өкілдері жолдарды су басудың алдын алу және көлік қозғалысын қамтамасыз ету шараларын қабылдап жатыр.
Бұған дейін Пәкістанның метеорологиялық департаменті елдің кей өңірлерінде 4 сәуірге дейін найзағаймен бірге нөсер жаңбыр жауатынын ескерткен. Мамандардың айтуынша, қатты жауын-шашын су тасқынына, көшкіндерге және егістікке зиян келтіруі мүмкін.