«Аяғымды кесіп тастауы мүмкін»: «Маскадағы адам» 15 жастағы қызға тосынсый жасады (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Қазір ол Түркияда ем қабылдап жатыр

Фото: видеодан скриншот

Бетперде киген белгісіз қайырымды жан тағы бір игі іс жасап, сирек дертке шалдыққан 15 жастағы Ақнұрға көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақнұр таран сүйегінің дисплазиясы диагнозымен ауырады. Қазақстандағы дәрігерлер оған нақты көмек көрсете алмаған. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрады: анасы тапсырыспен тәтті пісіреді, ал ағасы шиномонтажда және жүк тасушы болып жұмыс істейді.

«Менің атым – Ақнұр. Мен 2-топтағы мүгедекпін… Аяғымды кесіп тастауы мүмкін. Дәрігерлер шетелге бару керек деді. Мен тек аяққа тұрып, мектепке барып, бәрімен бірге оқығым келеді», – дейді ол видеода.

Қыз баланың өтінішіне «Маскадағы адам» атымен танымал қайырымды жан жауап берді. Ол Ақнұрға емделу мен білім алуына қажетті қаражат салынған конверт табыстап, отбасына жеке пәтер сыйлады.

«Қазір Ақнұр анасымен және ағасымен бірге Түркияда ем қабылдап жатыр. Қайырымды жанның айтуынша, қыздан онкология белгілері де анықталған, сондықтан алда күрделі емдеу кезеңі тұр. Ол үшін дұға жасайық», – деді ол.