Алматыда салынып жатқан үш қабатты қоймадан өрт шықты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Өрттің жалпы ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрайды

Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласында салынып жатқан үш қабатты қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түрксіб ауданының Жас қанат шағын ауданында салынып жатқан үш қабатты қоймадан өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрайды.

Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, өрттің ошағын оқшаулап, оттың көрші нысандарға таралуына жол бермеді.

«Өрт толықтай сөндірілді. Жарақат алғандар мен зардар шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.