Синоптиктердің болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Барикалық циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты жайлы ауа райы жауын-шашынды күндермен алмасады.
«Жаңбыр жауады деп болжанып отыр, кей жерлерде найзағай күтіледі. 4 сәуірде елдің солтүстік-батысында, 5-6 сәуірде батысында, 5 сәуірде оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан аумағында жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі, ал күндіз кей өңірлерде бұршақ пен дауыл (шквал) болуы мүмкін», – делінген синоптиктер болжамында.
Күндізгі ауа температурасының аздап өзгеруі күтіледі: