Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызмет саласында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.