Олар АҚШ-тың екі елдегі дата орталықтарын атқылаған
Иранның Ислам революциясының сақшылар корпусы Дубайда орналасқан америкалық Oracle технологиялық компаниясының дата-орталығына соққы жасалғанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы мәлімдеме X әлеуметтік желісінде жарияланған.
«Біз Дубайдағы АҚШ-тың Oracle компаниясының екі дата-орталығына және Бахрейндегі Amazon нысандарына соққы жасадық. Бұған дейін ирандықтардың өлтірілуіне жауап ретінде әрекет ететінімізді ескерттік, біздің қадамымыз «террор машинасын» істен шығаруға бағытталған», - делінген ИРСК хабарламасында.
Әзірге келтірілген залал мен оқиға орнындағы жағдай туралы нақты мәлімет берілген жоқ.