Мамандардың болжамы белгілі болды
Синоптиктердің мәліметінше 3 сәуір күні еліміздің 10 қаласында атмосферада ластаушы заттар жоғары деңгейде шоғырлануы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл зиянды қоспалардың ауа қабатының жерге жақын бөлігінде жиналып, таралмауына ықпал ететін ауа райы факторларының үйлесуіне байланысты.
«3 сәуірде Петропавл, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Өскемен, Риддер, Семей, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) – төмендегідей ауа райы құбылыстары:
Олар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, шоғырлауына ықпал етеді. Бұл, әсіресе үйлер тығыз салынған аудандарда немесе өнеркәсіп аймақтарында ауа сапасының уақытша нашарлауына әкеледі.