Павлодарда кран машинисі 15 метр биіктен құлап кетті

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның бірнеше жері сынған

Фото: istockphoto.com

Павлодар қаласында кәсіпорындардың бірінде кран машинисі 15 метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Зардап шеккен әйел бірнеше жерінен жарақат алған: аяқтары, жамбасы, қабырғалары сынған, сондай-ақ бас миы шайқалған.

Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Әйел есін біледі және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер уақытша бекіту аппаратын орнату бойынша операция жасаған.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті.