Интерпол арқылы екі жылда шетелде жүрген 300-ден астам адам ұсталды – ІІМ

Автор: Аягөз Құрмаш

Мысалы, ақпан айында Индонезияда Атырау облысында жасалған қылмысқа күдікті төрт адам ұсталды

Фото: gov.kz

Соңғы екі жылда INTERPOL желісі арқылы шет мемлекеттерде 300-ден астам адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Сенат отырысында мәлімдеді,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, қазір қылмыскерлерді іздеу географиясы айтарлықтай кеңейген. Бұрын іздеу негізінен ТМД елдерімен шектелсе, қазіргі таңда алыс шет мемлекеттерді де қамтиды.

«Соңғы екі жылда Интерпол арқылы шет мемлекеттерден 300-ден астам адам ұсталды. Қазіргі кезде қылмыскерлерді іздеу географиясы кеңеюде. Азаматтар ТМД ғана емес, одан алыс шет мемлекеттерде де ұсталып жатыр. Мысалы, ақпан айында Индонезияда Атырау облысында жасалған қылмысқа күдікті төрт адам ұсталды. Екі ел арасындағы Интерпол байланысының арқасында олар наурыз айында Қазақстанға жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді Әленов.

Мысалы, ақпан айында Индонезияда Атырау облысында жасалған қылмысқа күдікті төрт адам ұсталды. Екі ел арасындағы Интерпол байланысының арқасында олар наурыз айында Қазақстанға жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Әленов сондай-ақ Интерпол тізіміндегі деректердің тұрақты тексеріліп отыратынын атап өтті. Кейде ұйымның ережесі мен жарғысына сәйкес мәліметтер базадан алынып тасталады. Мұндай жағдай ұйымға мүше барлық елдерде кездеседі.

Соған қарамастан халықаралық іздеудегі адамдарды іздеу тоқтамайды. Құзырлы органдар іздеудегі тұлғаларды анықтап, елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.