1414 байланыс орталығы арқылы медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдарды қабылдау функциясы алып тасталды
Қазақстанда медициналық көмектің сапасына қатысты шағым беру тәртібі өзгерді. Енді өтініштер 1414 байланыс орталығы арқылы қабылданбайды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Өзгерістер Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 8 қазандағы №648 бұйрығымен бекітілген, бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталықтың жұмысын реттейтін құжатқа енгізілді.
Жаңа ережелерге сәйкес, 1414 байланыс орталығы арқылы медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдарды қабылдау функциясы алып тасталды.
Қордың түсіндіруінше, бұл шешім мынадай мақсаттарда қабылданған:
Азаматтарға келесі ресми цифрлық сервистерді пайдалану ұсынылады:
Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында медициналық қызмет алу мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру 1414 байланыс орталығы арқылы бұрынғы тәртіппен жалғасады.