Жер сілкінісі 35 метр тереңдікте болған
Индонезияның Тернате қаласының батысында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың эпицентрі аралдан шамамен 127 шақырым қашықтықта орналасқан, ал жер сілкінісінің ошағы 35 метр тереңдікте болған.
Жерасты дүмпулерінен кейін Индонезия, Малайзия және Филиппин үшін цунами қаупі жарияланды. Құзырлы органдар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр.
Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.