10 млрд теңгеден аса шығын келтірген: Қазақстанда іздеуде болған бес адам Грузияда қолға түсті

Автор: Асыл Арман

Ол 2014-2020 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан топ құрамында болған

Фото: Видеодан скрин

Қазақстан мен Грузия арасындағы келіссөздер нәтижесінде грузин тарапы Қазақстанның ішкі істер органдарының сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген бес адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, олардың төртеуі алаяқтық қылмыстары үшін, біреуі есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін іздеуде болған. Қазақстан полициясы іздеуде жүрген қаскөйлерді анықтау және ұстау бойынша шетелдік әріптестерімен бірлесіп тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.

Батуми қаласында 37 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ол 2014-2020 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан топ құрамында коммерциялық ұйымның атын жамылып, қаржы пирамидасын құрған. Инвестиция ретінде азаматтардың қаражаты тартылғанымен, нақты инвестициялық табыс болмаған, ал төлемдер жаңа салымшылардың есебінен жүргізілген.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан 1451 азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын 10,4 млрд теңгеден асты.

Тегтер: