Трамп осыған дейін ультиматум қойған еді
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттен журналистер брифингте АҚШ президенті Дональд Трамптың Truth Social желісінде жариялаған жазбасына қатысты пікір сұрады. Онда Трамп АҚШ Иранның энергетикалық инфрақұрылымына жасалатын соққыларды 10 күнге 6 сәуірге дейін тоқтататынын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгіленген уақыт ішінде АҚШ қандай нәтижеге қол жеткізгісі келетіні туралы сұраққа Ливитт Трамптың «келісім жасағысы келетінін» атап өтті.
«Уақыт азайып барады, небәрі бірнеше күн қалды. Осы 10 күндік кезең аяқталғаннан кейін не болатынын көреміз», – деді Ақ үй өкілі.
Бұған дейін АҚШ президенті егер Тегеран Вашингтонмен реттеу жөніндегі келіссөздерді бұзатын болса, АҚШ Ирандағы барлық электр станцияларын, мұнай ұңғымаларын және Парсы шығанағындағы Харк аралын жоятындығын мәлімдеген еді. Сонымен қатар ол АҚШ-тың Иранның «жаңа, анағұрлым парасатты» билігімен қарулы қақтығысты тоқтату мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты. Президенттің сөзінше, бұл келіссөздер барысында «айтарлықтай ілгерілеу» байқалған.
Ал бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи АҚШ-тың Пәкістан және басқа да делдалдар арқылы келіссөз өткізу жөнінде ұсыныс жолдағанын, алайда Вашингтонмен тікелей байланыс болмағанын хабарлаған.