Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Атырау облысында полиция қызметкерлері есірткі өсіруге арналған фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде қала аумағында есірткі өсімдігін заңсыз өсірген 54 жастағы ер адамды ұстады.
Күдіктінің тұрғын үйін тінту кезінде жалпы салмағы 5 келі болатын 62 түп қарасора табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.