Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын қызметінен алып тастады

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фото: ortcom.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын қызметінен алып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.