Ерлі-зайыпты Астана мен Семей қалаларының тұрғындарын алдаған
Жамбыл облысының аумағында халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.