Спортшыларымыз бір қола және екі күміс медальды жеңіп алды
Қазақстанның тректегі велоспорт құрамасы Филиппиннің Тайгатай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы жарысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.
Турнир аясында Қазақстан ұлттық құрамасы үш медаль еншіледі.
Әйелдер арасындағы жеке қудалау жарысында Рината Сұлтанова тұғырдың үшінші сатысына көтеріліп, қола жүлдеге ие болды.
Әлішер Жұмақан ұпай саны бойынша топтық жарыста күміс медаль жеңіп алды.
Жүлдегерлер қатарынан Рамис Дінмұхаметов пен Илья Карабутов та көрінді. Спортшылар мэдисон бәсекесінде күміс жүлдегер атанды.