Еліміздің 16 өңірі мен Шымкентте құбылмалы ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» 29 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктер Қазақстанның 16 облысы мен Шымкент қаласында қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.
Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 15–18 м/с дейін жетеді. Ақтөбе қаласында күндіз жел 15 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Атырау қаласында түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман болады. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстігі мен орталығында желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы осы өңірлерде 15–20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында түнде шаңды дауыл болады. Түнде жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жел 15–20 м/с дейін жетеді. Семейде түнде және таңертең тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысының солтүстігі мен батысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі. Петропавлда да осы уақытта тұман мен көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оралда да тұман болады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Павлодарда да тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15–20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Шымкентте күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Түркістанда да күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел 15–20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде түнде, ал батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында 15–20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман болады. Көкшетауда да осы уақытта тұман күтіледі.
Жетісу облысында күндіз Алакөл көлдері маңында жел 15–20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде күндіз жел 15–18 м/с дейін күшейеді.
Ұлытау облысында күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жел 15–18 м/с дейін жетеді.