Ер адам өзіне тіркелген қаруды қолданған
Қарағандыда экс-сүйіктісі мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтірген күдікті ер адам өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның барысында Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйітін тапты.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзіне тіркелген қаруды пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсаған», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды қаласында 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызы өлі күйінде табылғаны хабарланған болатын.