Түркістан облысында ер адам экс-әйелін соққыға жығып, ішіне пышақ сұғып алған

Автор: Асыл Арман

Ол осы қылмысы үшін 4 жылға сотталды

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында сот бұрынғы әйеліне шабуыл жасаған ер адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам мас күйінде бұрынғы жұбайының үйіне заңсыз кірген. Жанжал барысында ол әйелді темір ожаумен басынан ұрып, кейін ішіне пышақ сұғып алған.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Жәбірленуші оны кешіріп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Екі тарап татуласқан. Осыны ескере отырып, іс жеңілірек бапқа қайта сараланды.

Сот ер адамды 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.