Ол 21 наурыз күні үйінен шығып кеткен
21 наурызда жоғалып кеткен Қарағанды қаласының 87 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды. Бұл туралы еріктілер хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Еріктілер әйелдің мәйіті қандай жағдайда табылғанын нақтылаған жоқ. Белгілі болғандай, Надежда Филипенко 1938 жылы туған.
Ол 21 наурыз күні Пичугин көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан бері хабар-ошарсыз кеткен болатын.